Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер насихатталып, ән мен күй шырқалып, би биленді. Оқушылар ұлттық киім киіп, өнерлерін көрсетіп, қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани құндылықтарын дәріптеді. Мереке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлік пен татулықтың, жаңару мен жақсылықтың жарқын үлгісіне айналды.