Жаңалықтар
-
18.09.2026
Таза Қазақстан
https://www.instagram.com/reel/DddJ0GbKd9z/?stkn=MThlZDh2cGxsdHdmMg==
-
11.09.2026
**«Ата заңым – ар-ожданым, тірегім»**
https://www.instagram.com/reel/DdHZtwtuxoz/?stkn=OXJ6bzZrMDF0dHFr
-
-
-
-
12.06.2026
Мамай ауылының негізгі орта мектебінде 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестаттарды табыстау салтанатты рәсімі өткізілді. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар ұжымы, ата-аналар және мектеп оқушылары қатысты. Биылғы оқу жылында мектептің 9-сыныбын 2 оқушы аяқтап, негізгі орта білім туралы аттестатқа ие болды. Салтанатты жиында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге жарқын болашақ, оқуда және өмір жолында табыс тіледі. Түлектер өздеріне білім мен тәрбие берген ұстаздарына шынайы алғыстарын білдіріп, мектеп қабырғасында алған білімдері мен әсерлі сәттерін еске алды. Ата-аналар да сөз алып, мектеп ұжымына балаларын оқытып, тәрбиелегендері үшін ризашылықтарын жеткізді. Сонымен қатар, түлектерге ақ жол тілеп, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. Ұстаздар өз кезегінде шәкірттеріне жүрекжарды тілектерін арнап, білімдерін әрі қарай жетілдіріп, ел болашағына қызмет ететін азамат болып қалыптасуларына сенім білдірді. Іс-шара жылы лебіздерге, құттықтаулар мен естелік фотосуреттерге ұласып, көтеріңкі көңіл-күйде аяқталды
https://www.instagram.com/reel/DZeq3sOuxJW/?igsh=MWZ0cmFoNWh5ZHQ5OA==
-
-
-
-
30.04.2026
Мамай ауылының негізгі орта мектебінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Мерекенің басты мақсаты – оқушыларға еліміздегі ұлттар достығы мен татулығын насихаттау, бірлік пен ынтымақтың маңызын түсіндіру болды. Іс-шара барысында мектеп оқушылары әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырып, ән айтып, би биледі. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, оқушылар ұлттық киімдер киіп, Қазақстанды мекендейтін түрлі халықтардың өнерін дәріптеді. Сонымен қатар патриоттық өлеңдер оқылып, достық пен ынтымақ туралы тәрбиелік маңызы зор көріністер қойылды. Мерекелік шараға ұстаздар, ата-аналар және оқушылар белсене қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл іс-шара оқушылардың достыққа, сыйластыққа, Отанын сүюге деген көзқарасын қалыптастырып, көпұлтты еліміздің бірлігін нығайтуға өз үлесін қосты. Осындай тағылымы мол мерекелік шаралар жас ұрпақтың бойына татулық пен бірлік құндылықтарын сіңіріп, ел болашағына деген жауапкершілігін арттыра түседі. #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_адал_азамат #1мамыр
http://www.instagram.com/reel/DXwV2gwqrcv/?igsh=bm1wdTY3b2tuYmVm