1 қыркүйек күні мектеп алаңында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. ектеп директоры Рамазанова Самал Төлешқызы оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жетістіктер мен сәттілік тіледі. Сондай-ақ шақырылған қонақтар ізгі лебіздерін білдірді. Ауыл әкімі Мусин Ардақ Жүнісович оқушыларды құттықтап сөз сөйледі. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі: Дәстүр бойынша жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауын 9-сынып және 1-сынып оқушылары соқты. Алғашқы сынып сағаттары: Салтанатты жиыннан кейін барлық сыныптарда «Қазақстан Республикасының Конституциясы – Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды. Білім күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күймен өтті.