Текст

Мамай ауылының негізгі орта мектебінің сайтына қош келіпсіздер!
Осы сайт арқылы сіздер мектебіміздің тыныс-тіршілігімен, оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңалықтармен толық таныса аласыздар! «Мектеп - кеме, білім – теңіз» - деген нақыл бар. Ұшы-қиыры жоқ шексіз білім-теңіздің мол нәрімен ел ертеңі келер ұрпақты сусындатар бірден-бір орда, ол – мектеп! Шәкірттің мектептен алған бар білімі мен тәрбиесі «өмір» атты ұлы жолдағы сарқылмас азығы, таусылмас қазынасы! Қазақтай дана халықтың әлемдік өркениет көшіне еркін ілесер, дарынды да талантты, білімді, жоғары мәдениетті ұрпақтарын оқытып тәрбиелеу жолына барынша үлес қосу - мектебіміздің басты мақсаты.
Мектеп басшысы: Рамазанова Самал Тулешевна. Сенім телефон 8(71639) 24775
15.04.2026
Ағылшын-қазақ онкүндігі аясындағы британдық кинокеш
https://www.instagram.com/reel/DXI8gwziprJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
13.04.2026
"Тыныштық Шаменов оқулары - 2026" Мамай ауылының негізгі орта мектебінің 7-сынып оқушысы Қалмұратқызы Мөлдір Біржан сал ауданы Макинка ауылының ЖОББ мектебінде өткізілген аудандық алғашқы "Тыныштық Шаменов оқулары - 2026" байқауына "Сөз өнерінің шебері" бағыты бойынша қатысып жүлделі I орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Шәкіртімізді жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта алар асулары мен шығар шыңдары көп болсын!
https://www.instagram.com/reel/DXD1NGcirvd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
03.04.2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Акция барысында аумақ тазартылып, қоқыстар жиналып, айнала абаттандырылды. Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты. Осындай игі бастамалар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, тазалықты сақтауға үндейді.
https://www.instagram.com/reel/DWqqxT3CgNc/?utm_source=ig_web_copy_link
28.03.2026
Мамай ауылының негізгі орта мектебінде көктемгі демалыс жоспарына сәйкес оқушылар арасында «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/p/DWber9tikkW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
19.03.2026
Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрлер насихатталып, ән мен күй шырқалып, би биленді. Оқушылар ұлттық киім киіп, өнерлерін көрсетіп, қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани құндылықтарын дәріптеді. Мереке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлік пен татулықтың, жаңару мен жақсылықтың жарқын үлгісіне айналды.
https://www.instagram.com/reel/DWEuoWMCkIf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
20.02.2026
Бастауыш сынып апталығы
https://www.instagram.com/reel/DU9HSz7invw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
13.02.2026
2025 жылға арналған мемлекеттік көрсету мәселелері бойынша жария талқылаулар Біржан сал ауданы бойынша Мамай ауылының негізгі орта мектебі 1 наурыздан бастап ресми интернет-ресурста Біржан сал ауданының Мамай ауылының негізгі орта мектебі 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебін жария талқылау өткізілетінін хабарлайды. Осы айтылғандарға байланысты барлық ниет білдірушілерді талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.
19.01.2026
Занды коргайтын мамандыктар * Максаты Окушыларды занды коргайтын мамандыктармен таныстыру Кукыктык сауаттылыкты арттыру Эділдікке, тартіпке, жауапкершілікке тарбиелеу
https://www.instagram.com/reel/DTsKxkmipTB/?igsh=MWgzcGZsenMyaDZwZA==
16.01.2026
Мамай ауылының негізгі орта мектебінде 12 қаңтар "Заң және тәртіп" акциясы арасында сынып сағаттары өткізілді. Оқушыларға заңның қоғамдағы маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеу, өз құқықтары мен міндеттерін білуге баулу. Сынып сағаты соңында оқушылар заң мен тәртіптің маңызын түсініп, қоғамда тәртіпті болудың әр адамға жауапкершілік жүктейтінін білді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізді.
https://www.instagram.com/p/DThT-Qsijsn/?img_index=1&igsh=bGNqb29tdzUxYWdw
14.01.2026
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері
/public/files/2026/1/14/140126_114644_kzgluster20251230994188f06367ceec4eb4e3e01c27fbc5original22336039.pdf