7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған саптық түзеу Мамай ауылының негізгі орта мектебінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай саптық түзеу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру, тәртіпке, ұйымшылдыққа баулу және Отан қорғаушыларға құрмет көрсету. Саптық түзеу мектеп алаңында ұйымдастырылып, барлық сынып оқушылары қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Қорытындылай келе, саптық түзеу жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың әскери дайындыққа қызығушылығын арттырды және патриоттық рухын нығайтты. #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_адал_азамат #7мамыр