Мамай ауылының негізгі орта мектебінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Мерекенің басты мақсаты – оқушыларға еліміздегі ұлттар достығы мен татулығын насихаттау, бірлік пен ынтымақтың маңызын түсіндіру болды. Іс-шара барысында мектеп оқушылары әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырып, ән айтып, би биледі. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, оқушылар ұлттық киімдер киіп, Қазақстанды мекендейтін түрлі халықтардың өнерін дәріптеді. Сонымен қатар патриоттық өлеңдер оқылып, достық пен ынтымақ туралы тәрбиелік маңызы зор көріністер қойылды. Мерекелік шараға ұстаздар, ата-аналар және оқушылар белсене қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл іс-шара оқушылардың достыққа, сыйластыққа, Отанын сүюге деген көзқарасын қалыптастырып, көпұлтты еліміздің бірлігін нығайтуға өз үлесін қосты. Осындай тағылымы мол мерекелік шаралар жас ұрпақтың бойына татулық пен бірлік құндылықтарын сіңіріп, ел болашағына деген жауапкершілігін арттыра түседі. #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_адал_азамат #1мамыр