"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСАНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАМАЙ АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА МАМАЙ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілінен ашық сабақ

10.02.2020

Қазақ тілінен ашық сабақ

        Мамай негізгі мектебінің мұғалімі Қойшыбайұлы Ермұрат «Түбір мен қосымша» тақырыбында  2-сыныпта  ашық сабақ өткізді. Сабақ оқытудың жаңа бағдарламасының  мақсатына негізделе ұйымдастырылды. Сабақ жоспары сын тұрғысынан ойлау технологиясының  «Ой шақыру», «Мағынаны тану», «Ой түйіндеу» кезеңдеріне сәйкес құрылды.

       «Ой шақыру» кезеңінде  оқушылардың алдағы тақырыпты болжаулары үшін «Сөз құрамы» ребусы шешілді.  «Түбір» ұғымы туралы ертегі айтылды. Оқушылар «түбір мен қосымша», «жұрнақ пен жалғау» тақырыптарына байланысты түрлі тапсырмаларды  (семантикалық карта, оқулықпен жұмыс, сәйкестендіру кестесі т. б.) орындады. Әрбір орындалған тапсырмадан кейін оқушылар бағалау парағына өздерін өздері бағалады. Сабақ соңында орташа бағалау балы шығарылды. Мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай сергіту сәтін өткізді. Сабақтың барлық кезеңдері сақталып, ой түйін, рефлексия жасалды.

Просмотров: 382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст